2018 жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай бөбекжай - бақша тәрбиешісі С.М. Бегимбетова "Тәуелсіз елім!" атты тәрбие сағатын өткізді.
2018 жылдың 30 қараша күні "Қыз Жібек" және "Құлагер" ортаңғы топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен бөбекжай - бақшада 1 желтоқсан ҚР тұңғыш президент күніне орай "Біздің елбасы" тақырыбында іс- шара өткізіліп, Жамбыл телеарнасының "Балдәурен" бағдарламасынан көрсетілді.
2018 жылдың 14 қараша күні бөбекжай - бақша дене шынықтыру жетекшісі Аганасова Жұлдыз Куанышбековна балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында "Дені саудың, жаны сау" тақырыбында спорттық эстафета ұйымдастырып өткізді.
2018 жылдың 19 қазан күні "Күзгі балл" тақырыбында ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікте балалар өз өнерін көрсетіп, ата - аналар ризашылықтарын білдірді.